Биология және химия олимпиадасы 2024

2024 жылдың 9 ақпаны мен 1 наурызында “Bolashaq” Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын 11 сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы облыстық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 24 өтінім және химия бойынша 19 өтінім берілді. Олимпиадаға биология пәнінен 15 оқушы және химия пәнінен 14 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты-мектептердің болашақ түлектеріне кәсіби бағдарлауда және мамандық таңдауда белсенді жәрдемдесу, химия және биология саласында кең білімі бар неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау.

I, II және III орын алған жеңімпаздарға бір жылдық оқу жылына ректор гранттары бар сертификаттар табысталды

Мемлекеттік тілде оқытатын биология пәні бойынша олимпиада жүлдегерлері:

1 орын – Қалқенова Аңсаған Ернұрқызы-Осакаров ауданы, “Қаныш Сәтбаев атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталығы)” Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2 орын – Бадильбекова Гүлсім-Қарағанды қ., “Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ”

3 орын-Мұрат Медина-Теміртау қ.,”№9 Лицей” КММ.

Орыс тілінде оқытатын биология пәні бойынша

1 орын-Шин Мария – Григорий Потанин атындағы ЖББМ” КММ.

2 орын-Ералиев Ислам – “№15 ЖББМ” КММ, Қарағанды қ.

3 орын-Жүнісова Мадина –”Григорий Потанин атындағы ЖББМ” КММ.

:

Мемлекеттік тілде оқытатын химия пәні бойынша олимпиаданың жүлдегерлері:

1 орын – Айдынқызы Томирис – Каркаралы, Аппаз ауылы «Рамазан Сағымбеков атыңдағы №18 ЖББ мектеп» КММ.

2 орын- Аманжол Асылжан – Жаңаарқа, Б. Амалбеков атындағы тірек мектебі РО КММ.

3 орын – Шакратова Аружан – Теміртау қ. “Озат” КММ

Орыс тілінде оқытатын химия пәні бойынша олимпиаданың жүлдегерлері:

1 орын-Ерханова Альбина-Жаңаарқа ауданы, «Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)

2 орын – Варшавский Даниил-Теміртау қ.,”Озат” Ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицейі ” КММ

3 орын – Минченко Анфиса-Абай қ., “Қ.Сәтбаев атындағы мектеп” КММ

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.