Сіздерді біздің Академиямыздың қабырғасында көруге қуанышты боламыз!

Құрметті түлектер! “Bolashaq” академиясы сіздерді “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламалары бойынша магистратурада оқуға шақырады (ғылыми-педагогикалық бағыт – оқу мерзімі 2 жыл, бейіндік бағыт – оқу мерзімі 1 жыл).

Білім беру бағдарламаларының мақсаты –
қоғамның әлеуметтік тапсырысына, әлемдік стандарттарға және ғылыми-педагогикалық және өзге тілді білім беру, іргелі және қолданбалы лингвистика салаларындағы кәсіби қызмет талаптарына сәйкес келетін жаңа формацияның жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарын шет тілдерін оқытудың теориясы мен тәжірибесінде және мәдениетаралық коммуникацияда әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін меңгеру арқылы даярлау.

Оқу барысында магистранттар педагогикалық шет тілдік білім берудің жаңартылған парадигмасын, шет тілдік білім беру технологияларына жаңа көзқарастарды, мектепте және ЖОО-да шет тілдік қарым-қатынасты моделдеу негізінде оқу сабақтарының тиімді ұйымдастыру формалары мен әдістерін, шет тілдік білім беру жүйесінде оқытудың заманауи сандық технологиялары мен формаларын және т.б. зерттейді.

Магистранттар ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысады, түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысады,ғылыми тағылымдамадан және зерттеу тәжірибесінен өтеді.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

Аталған бағдарламалар бойынша жоғары академиялық білікті мамандар: ғылым докторлары, PhD докторлары, ғылым кандидаттары, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі жоғары профессорлар мен доценттер ғылыми жұмысқа жетекшілік етеді.

Сіздерді біздің Академиямыздың қабырғасында көруге қуанышты боламыз!!!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.