Ғылыми жобалар конкурсына қатысуға шақырамыз

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жоба облыстық конкурсын өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты бейбітшілік және келісім идеяларын жинақтауға бағытталған ғылыми зерттеулерді дайындау контекстінде ғалымдардың, сарапшылардың, докторанттар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау болып табылады.

Конкурс бағыттары:

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы: жетістіктер, тәжірибе және сын-тегеуріндер.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл: мәдениет, өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерттеу және дәріптеу.
  3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамалары контекстіндегі бейбітшілік пен келісім идеясы.
  4. Қазақстандық біргейлік: құндылық негіздері мен нығайту жолдары.
  5. Ел өміріндегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді ескере отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа белестерін жүзеге асыру.

Конкурсқа Қарағанды обылысының 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары, докторанттар және магистранттар, ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлерімен қоғам қайраткерлері қатыса алады. Әрбір ізденуші бір бағыт бойынша ғана өтінім бере алады.

Қортынды жұмыстардың нәтижесінде іріктелген жобалардың ішіндегі ең үздік екі жоба республикалық байқауға жолданады.

Талантты жас ғалымдарды қолдау мақсатында конкурсты ұйымдастырушылар конкурс жеңімпаздарына ақшалай сыйақы төлейді:
1 орын- 100 000 тг., 2 орын – 70 000 тг., 3 орын – 50 000тг.

Сондай-ақ конкурсқа қатысушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттау қарастырылған.

Конкурсқа қатысу өтінімі 2020 жылдың 30 шілдесіне дейін кешіктірілмей kelisimank@gmail.com поштасына жіберілуі тиіс.

Жұмыстың баспа нұсқасы Шахтерлер даңғылы, 64, Достық үйі, 104 кабинетінде қабылданады.

Байланыс телефондары: 8 (7212) 900-329, 8 (7212) 900-309, 87780092445, 87014799649.

Конкурсты қорытындылау 2020 жылдың тамыз айында Достық үйінде жеңімпаздар деп танылған ғылыми жобалар тұсаукесер тұрпатында өткізіледі.

Күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Толыққанды ақпарат алу үшін конкурс Ережесімен танысып шығуларыңызды өтінеміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.