«Bolashaq» Академиясында 1-курс студенттеріне арналған ақпараттық кездесу өтті

10 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясында 1-курс студенттеріне арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында білім алушылар Академия жанындағы студенттік ұйымдармен, олардың негізгі қызмет бағыттарымен және жүзеге асырып жатқан жобаларымен танысты. Ұйым өкілдері студенттерге әрбір бірлестіктің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы ақпарат беріп, олардың жұмысына қатысу мүмкіндіктерін түсіндірді.

Іс-шара барысында студенттерге шығармашылық, ғылыми, мәдени және қоғамдық бағыттарда өз бастамаларын жүзеге асыруға, жаңа дағдылар қалыптастыруға және қызығушылықтарына сәйкес орта табуға мүмкіндік беретін жобалар таныстырылды.

Сонымен қатар, студенттік ұйымдардың жұмысына белсенді қатысу білім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және Академияның қоғамдық өміріне етене араласуына ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесу соңында бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, студенттік ұйымдардың қызметіне қатысу тәртібі мен алдағы жобалар туралы қосымша ақпарат алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.