Коронавируспен күрес бойынша үздік үгіт-насихат материалына арналған республикалық конкурс

Құрметті достар!

Сіздерді коронавируспен күрес жөніндегі үздік үгіт-насихат материалдары конкурсына қатысуға шақырамыз.

“Saryarqa aqparat ” медиахолдингі Қарағанды облысының жетекші БАҚ өкілдерімен бірлесіп, “АрселорМиттал Теміртау” АҚ-ның қолдауымен коронавируспен күрес бойынша үздік үгіт-насихат материалына конкурс жариялайды.

Байқауға Қазақстан Республикасының кез келген тұрғыны қатыса алады. Байқауға ұсынылған жұмыстар кез – келген түрде, соның ішінде бейне, фото, сурет, коллаж, графикалық дизайн, өлең, ән және т. б. түрде орындалуы мүмкін.

Қатысушы әртүрлі номинацияларда әртүрлі жұмыстарды тапсыра алады. Бір қатысушының тапсыратын жұмыс саны шектелмеген.

Конкурс 4 номинация бойынша жарияланады:

  1. ҮЗДІК ВИРУСҚА ҚАРСЫ РОЛИК.
    Номинацияға коронавируспен күресуге бағытталған бейнероликтер қатыстырылады. Роликтер қазақ немесе орыс тілдеріндегі мәтінмен сүйемелденуі мүмкін. Роликтің ұзақтығы 120 сек аспауы тиіс.
  2. КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ.
    Бұл номинацияға қатысуға шағын және орта бизнес өкілдері – бизнесі келіп-кетуші адамдармен байланысты кафе, мейрамхана, кинотеатр, сауда нүктелері, дүкендер мен өзге де мекемелердің иелері шақырылады. Бұл номинацияға қатысушылар конкурсқа роликтер, посттар, тик-токтар және өз кәсіпорындарындағы санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы туралы баяндайтын өзге де материалдарды ұсына алады және барлығын қажетті нормаларды сақтауға шақырады.
  3. ВИРУСҚА ҚАРСЫ БОЯУЛАР.
    Конкурсқа қатысу үшін осы номинацияда коронавируспен күресуге бағытталған суреттері бар 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар шақырылады.
  4. МАСКА КИГЕН АДАМ.
    Бұл номинацияға кез келген жерде (көлік, емхана, жұмыс орны, жеке автокөлік, вокзал, жай көше) сақтық шараларын сақтауға шақыру мазмұнында айтылатын және қамтылатын жұмыстар қатысады. Материалдарды автордың және оның айналасындағы адамдардың бетперде киген, қашықтықты сақтай отырып, қолдарын антисептиктермен өңдейтін және т. б. фотосуреттерімен (фотосуреттер топтамасы да болады) қоса жіберуге болады. .

Конкурс шарттары:

Міндетті шарт!
Материалдар # АнтиКовидKrg хэштегтерімен сүйемелденуі тиіс

Қатысушылар Instagram Facebook және т.б. парақшаларында қазақ немесе орыс тілдерінде аталған хэштегтері бар, номинациялары көрсетілген материалдарды орналастырады. Өз постында байқауға қатысушылар @life09kz Instagram парақшасына жазылуы және оны белгілеуі қажет

НАЗАР аударыңыз! Конкурс өткізу кезеңінде қатысушылардың беттері ашық болуы тиіс.

Байқауға қатысудың растамасы @life09kz қоғаммен байланыс сторисінде материалды орналастыру болып табылады

Барлық сұрақтар бойынша 8701-427-75-20 байланыс нөміріне хабарласуға болады

Конкурсты өткізу мерзімдері
Байқау 2020 жылдың 1 қарашасынан 25 қарашасына дейін өткізіледі.
Байқау қорытындысы 2020 жылдың 26 қарашасынан 29 қарашасына дейін шығарылады.
Жеңімпаздар 2020 жылдың 30 қарашасында жарияланады.

Конкурс қорытындысын шығару.
Конкурстың жеңімпазын арнайы құрылған комиссия айқындайды. Жұмыстарды бағалау кезінде мазмұндық және техникалық өлшемдер ескеріледі.

Мазмұнды бағалау критерийлері мыналарды қамтиды:

  • жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі;
  • тақырыпты ашудың дәйектілігі мен тереңдігі, ұсынудың айқындылығы;
  • материалдың креативтілігі (идеяның жаңалығы, бірегейлігі, ойлаудың икемділігі);
    – ерекшелігі.

Техникалық бағалау критерийлері:

  • бейнетүсірілім, фото, графикалық және өзге де материалдардың сапасы;
  • эстетика нормаларына сәйкестігі.

Әр номинация бойынша 5 жеңімпаз анықталады. Барлығы 4 номинация бойынша 20 жеңімпаз жарияланады.

Жеңімпаздар әрқайсысы 50 000 теңгеден бірыңғай ақшалай сыйақымен марапатталады.

Жеңімпаздарды жариялау 2020 жылғы 30 Қарашада @life09kz Instagram пабликінде өтеді және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге орайластырылады.

Қазылар алқасы коронавируспен күрес бойынша үздік материалдардың жүлдегерлерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия төмендегі тізімнен тұрады:

  1. Абжаков Аслан Талғатбекұлы – “АрселорМиттал Теміртау” АҚ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қызметінің басшысы, комиссия төрағасы.
  2. Агуреев Алексей Николаевич – “АрселорМиттал Теміртау” АҚ Бас директорының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі, комиссия төрағасының орынбасары.
  3. Ахметов Қамбар Жұмағалиұлы – “Saryarqa aqparat” ЖШС директоры.
  4. Әбдиева Айнұр Қанатханқызы-Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы
  5. Забурдяев Сергей Павлович – “Екараганда”АА директоры.
  6. Садықанов Жәнібек Махмұдұлы – Қазақстан Журналистер одағы Қарағанды филиалының төрағасы.
  7. Санаубаев Серік Мәлібекұлы – “Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.
  8. Никонович Руслан Иосифович – “Жаңа Теледидар” ТК директоры.
  9. Шатекова Айгүл Сансызбайқызы-санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Дереккөздер: https://saryarqanews.kz/ru/news/novosti-v-trende-karaganda/obyavlyaetsya-tvorcheskiy-konkurs-na-temu-borby-s-koronavirusom

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.