“Абай әлемі “студенттік онлайн-өнер фестивалінің іріктеу турының қорытындысы

2020 жылдың 17 қарашасында “Bolashaq” академиясында онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған “Абай әлемі” жалпыұлттық студенттік онлайн-өнер фестивалінің іріктеу турының қорытындысы мен жеңімпаздарының марапаттауы өтті.

Байқаудың барлық қатысушылары диплом алады. Жеңімпаздардың жұмыстары 2020 жылдың 4-5 желтоқсанында онлайн режимінде өтетін қорытынды турға бағытталған.

Дипломдардың электронды нұсқалары барлық қатысушыларға электронды мекен-жайларға жіберілді. Карантин аяқталғаннан кейін барлық балаларға қатысушылардың дипломдары мен жеке естелік сыйлықтар беріледі.

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз және финалда одан әрі жеңіс тілейміз!

Іс-шараға белсенді қатысқаны үшін барлық студенттерге алғыс айтамыз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.