«Жүректен жүрекке…»

«Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейірбек Қайырбекұлы Байшагировтың ұйымдастыруымен «Мейірім» волонтерлік қозғалысының студенттері «Алғыс айту» күніне орай 20.02.23-01.03.23 аралығында қайырымдылық акциясын өткізуде.

Кезекті жақсылық сапары 21 ақпан күні өткізілді. Мейіріммен қатар әлеуметтік көмекті қажет ететін тағы бір жанұя азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Әрине, жақсылық жасау – халқымыздың қанында бар асыл қасиет.  Тамыры тереңде жатқан – сырлы дүние. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. 

Тағдыр тауқыметін тартып, қоршаған ортадағы иманжүзді азаматтардан мейірім шуағын, жан жылуын күтетін  мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін кез келген адамға көмек беруді парыз санайтын «Мейірім» волонтерлері жан жадыратыр қайырымдылық шараларын  жасауға әрқашан дайын.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.