Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 03 желтоқсанында ZOOM платформасында онлайн режимінде Қарағанды қаласының № 9 гимназиясының 11-сынып оқушылары мен мұғалімдеріне кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Іс-шара барысында “Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Г.К. Әбілқасымова “Болашаққа сеніммен!» тақырыбында пікірталас өткізді.

Кездесу аясында Әбілқасымова Гүлзам Қайроллақызы 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді, “Bolashaq” академиясының білім беру бағдарламаларының тұсаукесерін көрсетті, ЖОО және жүзеге асырылып жатқан сапалы мамандар дайындығы туралы, бастауыш сынып мұғалімі және психолог болу үшін не білу керек және бұл мамандықтар бүгінгі күні өте сұранысқа ие екенін айтты.

Оқушылар сұхбатқа белсенді қатысып, академияға түсу шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Бұл кәсіптік бағдарлау жұмысы оқушыларды өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсіну негізінде саналы, дәлелді мамандық таңдауға түрткі болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.