Bolashaq Academy is the best

“Bolashaq” академиясы көп жылдан бері еліміздің ЖОО-ның іріктеуіне қатысып келеді. Академия жыл сайын түрлі рейтингтерге қатысып тұрады. Бұл қоғамға жоғары оқу орны туралы ақпарат алуға және талапкерлер мен олардың ата-аналарына, жұмыс берушілерге шешім қабылдау үшін, сыртқы ортадан өз қызметіне баға алуға мүмкіндік береді.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (БСҚТА) бағалау нәтижелері бойынша, біздің Академия “студенттерді бағалау” және “түлектерді бағалау”сияқты жетекші талаптары бойынша 3 орынға ие болды. Осыған байланысты “Bolashaq” Студенттік Республикасының және бүкіл студенттердің атынан біздің оқытушыларымызға және “Bolashaq” академиясының әкімшілігіне алғыс білдіреміз!
Біз әрқашан жанымызда болған, жылдар бойы қолдау көрсеткен және қамқорлығын аямаған жақындарымызға рахмет айтқымыз келеді. Академия біздің ЖОО-нда студенттік құқықтарымызды жүзеге асыруға және студенттік өмірімізді дамытуға үлкен мүмкіндіктер берді.

Еіміз бойынша үшінші орын алып жеңімпаз атануымыз – біздің кішкентай студенттік отбасымыз үшін үлкен жетістік екенін айтқымыз келеді!
Бұл дегеніміз үлкен жетістік. Талапкерлер осы нәтижелерді көре отырып академиямызға ойланбай оқуға келуіне болады. Әрқашан академиямыз биіктен көрінетінін, тіпті бұдан да жоғарғы нәтиже көрсететініне сеніміміз мол!

Академиямызға болашақта жаңа жетістіктер тілейміз!

Студенттік Болашақ Республикасының министрлер кабинетi

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.