ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді

?Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

?ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл – 140.

?Жаңашылдықтар:
– Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;
– Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
– SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;
– Шектік балл жинамаған тұлғаларға ҰБТ қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі;
– Болашақ педагогтер үшін шектік балл – 70;
– ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;
– ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі;
– Тестілеу уақыты 4 сағатты құрайтын болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.