“Шоқан оқулары-28 Жаңа ғылыми парадигма: ынтымақтастық, цифрландыру және коммерцияландыру” конференциясына қатысу

“Bolashaq” Академиясының құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы 2024 жылғы 26 сәуірде Көкшетау қаласы,” Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті” КЕАҚ-да” “Шоқан оқулары-28 Жаңа ғылыми парадигма: ынтымақтастық, цифрландыру және коммерцияландыру” Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына қатысты. Дәстүрлі конференция 28 жыл бойы өткізіліп келеді. Жыл сайынғы іс-шараның ұйымдастырушысы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті болып табылады.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Сырлыбаев Марат Қадирұлы құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста Қазақстан мен Ресейдің 5 спикері ғылыми баяндама жасады. Сондай-ақ Қытай, Болгария, Түрікменстан, Татарстан, Башқұртстан және Хакасия өкілдері қатысты. Конференцияға 500-ге жуық қатысушы қатысты. 260-тан астам мақала келіп түсті.

Шоқан оқуларының негізгі мақсаты Шоқан Уәлихановты тану, техникалық, ауыл шаруашылығы, гуманитарлық ағымдар бойынша ғылыми жұмыстарды ашу, сонымен қатар біздің магистранттардың, докторанттардың зерттеу жұмыстарын насихаттау болып табылады. Бұл Көкшетау университетінің брендіне айналды, өйткені ол жыл сайын тек қазақстандық университеттерден ғана емес, шетелдік университеттерден де көптеген қатысушыларды жинайды.

А.Т. Қабжанов ZOOM конференциясы арқылы онлайн форматта 5 – “Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, өнер” секциясында, 5.2 “Бизнес және құқық” кіші секциясында “Қазақстан Республикасындағы педагогтерді қашықтықтан оқытудың мәселелері мен перспективалары” тақырыбында баяндама жасады.

Конференция жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті.Конференцияның ширек ғасыр бойы шетелдік және отандық ғалымдарды, ғылымның барлық салаларының өкілдерін, докторанттарды, магистранттарды, жас ғалымдарды жинағаны қуантады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.