Студенттеріміздің жеңісі

Академиямыздың Ю-18-2 тобының студенттері Мухангалиева Аружан мен Сәкен Эльмира 24 қараша 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Астана халықаралық университеті мен Пятигорск мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған «Заң ғылымын дамытудың және ұлттық заңнаманы жетілдірудің жаңа көкжиектері» атты Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысып келді.
Олар ХҒПК шеңберінде студенттер «Пандемия кезіндегі қылмыстылық» атты ғылыми баяндама жасап, студенттер мен магистранттар арасындағы үздік ғылыми мақала конкурсына қатысты. Студенттердің ғылыми мақаласының жетекшісі – заң пәндері кафедрасының доценті, з.ғ.к. Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызы.
Байқау нәтижесінде ұйымдастырушыларға 30-ға жуық жас ғалымдардың ғылыми мақалалары келіп түсіп, студенттеріміз Аружан мен Эльмираның ғылыми мақаласы жүлделі ІІ орыннан көрінді.
Шәкірттеріміз ХҒПК қатысуға мүмкіндік бергені үшін академия басшылығына ризалықтарын білдіреді. Bolashaq академиясы биіктерден көріне берсін деп тілейді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.