Елордада адам құқықтары күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі” атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және халықаралық адам құқықтары күнін мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында “Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі”атты дөңгелек үстел өтті.

Адам құқықтары күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара Конституциялық кеңес өкілдерінің, жоғары оқу орындары ректорларының, заңгер-ғалымдардың, заң саласындағы сарапшылардың, сондай-ақ заң факультеті оқытушыларының қатысуымен өтті. Аталған іс-шараның бірлескен төрағалары: Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, з.ғ.д., профессор – Мәми Қайрат Әбдіразақұлы;
“Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті” КЕАҚ Басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі – Сыдықов Ерлан Батташұлы, т.ғ. д., профессор және – “Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті” КЕАҚ Басқарма төрағасы, ректоры, з.ғ.д., профессор, PK ҰҒА корреспондент-мүшесі – Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы.

Сондай-ақ , дөңгелек үстел жұмысына “ҚР Конституциялық құқығы”академиялық курсының редакциялық алқасының мүшесі болып табылатын стратегиялық даму жөніндегі проректор Рысмағамбетова Гульнара Мусиевна қатысты.

Іс-шара аясында “Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы”атты 2 томдық академиялық курстың тұсаукесері өтті.Академиялық курс “Құқық”мамандықтары тобы үшін дайындалды. Авторлар пәннің, ғылымның және оқу пәнінің “классикалық” тақырыптарын ғана емес, сонымен қатар конституционализм доктринасының соңғы мәселелерін де қарастырды. Курста жетекші ғалымдар мен практиктер ҚР Мемлекеттік Тәуелсіздігінің 30 жылында жинақталған конституциялық заңдылықты дәйекті түрде нығайту тәжірибесін жариялайды.

Техникалық редакция, беттеу жұмыстарына академия дизайнері Курлаева Е.В. қатысты.

Кітапты бакалаврлар мен магистранттар оқу мәселелерін зерттеуде, мұғалімдер – сабаққа дайындық және зерттеушілер – шығармашылық зерттеулер жүргізуде қолдана алады.

Дөңгелек үстел аясында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық негіздері мен кепілдіктері, құқық үстемдігі және азаматтық қоғам мәселелері талқыланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.