Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастар арасында кәсіптік дағдыларды дамыту жобасының аясында жастарды мобилография, веб әзірлеу және де графикалық дизайн бағыттарына оқыту курстары өткізілді. Оқыту курстары 12 сағаттық жалпы оқыту, сонымен қатар 30 сағатқа жоспарланған негізгі оқыту мен әмбебап дағдыларды дамытуға арналған курстардан құралды. Әмбебап дағдыларына оқыту курстарында СММ, клиенттермен коммуникация және т.б. дағдыларға үйрететін ақпараттар берілді. Оқыту курстарына өз салаларындағы тәжірибесі бар, әйгілі «Wooppay», Flip.kz компанияларында жұмыс атқарған мамандар шақырылды. Курсқа қатысушылар оқытудың эффективтілігін, және де жастарға өз бағыттарындағы жаңа құралдарды еркін игеруге көмектескен тренерлер методологиясының маңыздылығын атап өтті.
You may also like
4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. 1992 жылдың маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Қазақ тілі мен […]
2021 жылдың 1-10 ақпаны аралығында Жастар ісі жөніндегі комитет “Bolashaq” академиясы студенттері арасында Қарағанды қаласының 87 жылдығына арналған “Сүйікті қала – Қарағанды” […]
2021 жылдың 30 қаңтарында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, “Bolashaq” Академиясының профессоры Сембиев Құрманғазы Закирович Қарағанды қаласының 93 […]
«Good Zone» коворкинг орталығында Қарағанды облысының еріктілерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Волонтер жылында іске асырылатын жобалар талқыланды. Мұндай кездесулер жиі өтіп тұратын […]