Академиямызда жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының өкілдері студенттермен кездесіп, кітап оқудың маңызы, оның тұлғалық дамуға әсері және жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру туралы ақпарат берді.


Кітап оқу – білімді арттырып қана қоймай, ой-өрісті кеңейтіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Кітап оқитын ұрпақ – білімді ұлттың негізі!