«Терриконовая долина»…? Бұл не?

2026 жылғы 13 сәуірде құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Әсел Қасенқызы «Терриконовая долина» IT-хабына бару іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді.

Аталған кездесу кафедраның тәрбие жұмысы жоспарын жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға Ю-24-1 тобының екінші курс студенттері қатысты.

«Терриконовая долина» IT-хабы – бұл прогрессивті ойлайтын адамдар мен IT, құқық, менеджмент саласында жұмыс істейтін мамандар бірігіп, жаңа жобалар жасап, өзара қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта жұмыс істейтін орта. Мұнда «Терриконовая долина» аясында түрлі ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қарағанды – ерекше өңір. Қаланың қалыптасу тарихы – ештеңе болмаған жерде адамдардың бірлесе отырып жаңа қала тұрғызуының айқын үлгісі. Кейін бұл қала шахтерлер астанасына айналды.

«Терриконовая долина» жобасының негізгі мақсаты – қаланы тұрғындар үшін барынша жайлы әрі қолайлы ету. Сонымен қатар, қалада IT және цифрлық саланы дамытуға бағытталған орталық қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.

Қазіргі таңда білім алуға, түрлі іс-шаралар өткізуге және коворкингтер ұйымдастыруға мүмкіндік беретін нысандар құрылған. Мұнда кеңсе тауып, ортақ мақсатқа ұмтылған пікірлестерді табуға болады.

Қарағандыда өз қаласын жақсы көретін, осында өмір сүріп, еңбек етуге дайын талантты жастар өте көп. Оларға тиісті жағдай мен мүмкіндік жасалған жағдайда, бұл – қаланың игілігі үшін жаңа әрі ауқымды жобалардың жүзеге асуына жол ашады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.