1 курс студенттерімен ЖІЖ кездесуі

6 ақпан күні Жастар ісі жөніндегі комитет және “Болашақ” республикасының белсенді студенттері қатарымызға жаңадан қосылған 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты – студенттерді академияның өмірімен және “Болашақ” республикасының жұмысымен таныстыру.Кездесу барысында студенттерге Жастар ісі жөніндегі Комитеттің жұмысын таныстырып,академиялық іс-шаралардың маңыздылығы айтылды.
Алдағы уақытта студенттерге сәттілік тілей отыра, академия өміріндегі белсенділіктерін күтеміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.