Бүгін Академияда Ұлттық кітап күні мен Кітапханашы күніне орай «Кітап керуені» атты кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кітаптың қоғамдағы маңызын дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және академия ұжымының рухани-мәдени байланысын нығайту болды. Мазмұнды шараға Академияның қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері белсенді қатысып, ортақ игі бастамаға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында кітапханашыларымызға алғыс хат табысталды.


Акция аясында әрбір қатысушы өзімен бірге бір кітап алып келіп, арнайы жеребе арқылы оны басқа қатысушымен алмастырды. Бұл ерекше форматтағы кітап алмасу қатысушыларға жаңа авторлармен танысуға, бұрын оқылмаған шығармаларды қолға алуға және әдеби талғам көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әрбір кітаптың өз оқырманын табуы арқылы шара кітаптың адам өміріндегі құндылығын тағы бір мәрте айқындай түсті.


Іс-шара барысында кітап туралы әсерлі ойлар айтылып, қатысушылар өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, оқыған кітаптары жөнінде пікір алмасты. Мұндай рухани кездесулер кітаптың тек білім көзі ғана емес, адамдарды жақындастыратын ерекше мәдени құндылық екенін көрсетті. «Кітап керуені» акциясы Академия қабырғасындағы оқу мәдениетін дамытуға, кітапқа деген құрметті арттыруға және жастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталған тағылымды шаралардың бірі болды.
