Бүгін Академияда Ұлттық кітап күні мен Кітапханашы күніне орай «Кітап керуені» атты кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кітаптың қоғамдағы маңызын дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және академия ұжымының рухани-мәдени байланысын нығайту болды. Мазмұнды шараға Академияның қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері белсенді қатысып, ортақ игі бастамаға […]
Daily Archives: 22.04.2026
2026 жылғы 22 сәуір күні «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдебиет және тұлға» атты жазушымен кездесу кеші өткізілді. Іс-шараның құрметті қонағы – жазушы, «Жылдың үздік прозашысы» байқауының жүлдегері Бекзат Жапатайұлы Алтынбек болды. Кешке академия оқытушылары мен студенттері қатысып, белсенділік танытты. Кездесу барысында жазушы өз шығармашылық жолы, әдебиеттегі ізденістері туралы […]
2026 жылғы 21 сәуірде «Bolashaq» Академиясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыс аралас форматта — офлайн және онлайн режимде қатар өткізілді, бұл комитет мүшелері мен шақырылған қатысушылардың толық қатысуына мүмкіндік берді. Отырысқа Академиялық комитет мүшелері қатысты: Абдрахманова Алуа Сабитовна — педагогика ғылымдарының […]