«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің кезекті отырысы

2026 жылғы 21 сәуірде «Bolashaq» Академиясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыс аралас форматта — офлайн және онлайн режимде қатар өткізілді, бұл комитет мүшелері мен шақырылған қатысушылардың толық қатысуына мүмкіндік берді.

Отырысқа Академиялық комитет мүшелері қатысты:

Абдрахманова Алуа Сабитовна — педагогика ғылымдарының кандидаты, доце1.нт, педагогика кафедрасының меңгерушісі

2.Шалтаева Роза Жиембаевна — педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті

3.Жанысбаева Роза Мазраповна — педагогика ғылымдарының магистрі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы

4.Бегайдарова Айгуль Аманжоловна — Қарағанды қаласының «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы КМҚК директоры

5.Бапахова Раушан Жумаделловна — Қарағанды қаласының «Жұлдыз» балабақшасы КМҚК әдіскері

6.Жетібаева Дильназ — ДОВ-25-2к тобының студенті, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы

Шақырылған қатысушылар:

1.Обердерфер И.Ф. — «Салтанат» балабақшасының директоры

2.Габайдуллина Ю.А. — «Ботагөз» балабақшасының директоры

3.Голубцова В.С. — «Снегурочка» балабақшасының директоры

4.Қажымұрат М. — ДОВ-25-3к тобының студенті

Отырыс қарсаңында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен алдын ала кездесу өткізіліп, онда келесі оқу жылына арналған «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарлары бойынша сараптамалық қорытынды талқыланды. Сарапшылар жұмыс оқу жоспарларымен алдын ала танысып, талдау нәтижесінде өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізді.

Отырыс барысында «Салтанат», «Ботагөз» және «Снегурочка» балабақшаларының директорлары білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.

Отырыстың күн тәртібі:

1.6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша Академиялық комитет құрамын қалыптастыру (педагогика кафедрасы).

2.Академиялық комитеттің 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа жұмыс жоспарын бекіту.

3.Әртүрлі мәселелер.

Талқылау барысында қатысушылар білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтып, түзетулер мен толықтырулар енгізді. Бұл ұсыныстар болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.

Отырыс қорытындысы бойынша Академиялық комитет мүшелері мен жұмыс берушілердің ұсыныстары ескеріле отырып тиісті шешімдер қабылданды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.