«Өзіңді таны» психологиялық үйірмесінің жұмысы

«Bolashaq» академиясының психологиялық және инклюзивті білім беру орталығына студенттерден, әсіресе сессия тапсыру кезеңінде, эмоционалдық шиеленісті және психологиялық шаршауды төмендету бойынша өтініштер түседі. Педагогика кафедрасының қызметкерлері, білікті практик-психологтар студенттерге күрделі жағдайларда көмек көрсетеді.

Осылайша, «Өзіңді таны» психологиялық үйірмесінің жоспарын жүзеге асыру аясында педагогика кафедрасының доценті және психологиялық және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Абдрахманова Алуа Сабитқызы психологиядағы проективті әдістер бойынша практикалық сабақ өткізді.

ПиП-24-1 және ПМНО-24-1 топтарының студенттері метафоралық ассоциативті карталармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгерді.

Алуа Сабитқызы студенттерді осы құралдармен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстырып, олардың сұраныстарын талдап, психологиялық кеңес берді.

Бұл жұмыс адамдардың сұраныстарымен психологиялық жұмыс жүргізудің рөлі мен мүмкіндіктерін айқын көрсетеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.