2026 жылғы 22 сәуір күні «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдебиет және тұлға» атты жазушымен кездесу кеші өткізілді.


Іс-шараның құрметті қонағы – жазушы, «Жылдың үздік прозашысы» байқауының жүлдегері Бекзат Жапатайұлы Алтынбек болды. Кешке академия оқытушылары мен студенттері қатысып, белсенділік танытты.


Кездесу барысында жазушы өз шығармашылық жолы, әдебиеттегі ізденістері туралы баяндап, қатысушылармен еркін форматта сұхбат жүргізді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Іс-шара аясында автор шығармалары таныстырылып, әдебиетке қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.