2026 жылғы 29 сәуірде «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Г.С. Махмутова мен А.К. Шегай кәсіби бағдар беру жұмысы аясында №48 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – түлектерді білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерімен таныстыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру болды. Кездесу барысында оқушыларға «Bolashaq» […]
Monthly Archives: Сәуір 2026
29 сәуір күні, Ташкент Низами атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі тілдері мен әдебиетін оқыту: инновациялық тәсілдер, озық әдістер және практикалық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Халықаралық деңгейдегі конференцияға Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының танымал ғалымдары қатысты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде […]
2026 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданына қарасты ЖББ №6 орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева мен шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы М.К.Абдрашева 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған орта мектептің түлектеріне «Bolashaq» Академиясы, оның барлық білім беру бағдарламалары […]
25 сәуір күні «Bolashaq» Академиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға бухгалтерия, кадр бөлімі, кітапхана қызметкерлері және жалпы білім беру пәндері кафедрасы белсенді қатысты. Сенбілік барысында Академия ғимаратының ішкі аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, кабинеттер мен ортақ пайдаланылатын кеңістіктер ретке келтірілді. Қатысушылар өздеріне бекітілген аймақтарды мұқият тазалап, білім ордасының […]
2026 жылғы 24 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарын іске асыру аясында «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Адалбекова Б.О. Қарағанды қаласындағы №17 мектепке барды. Аталған мектепте биылғы түлектерден құралған 3 сынып бар: 11 «А», 11 «Ә» және 11 «Б». Оның ішінде 1 сынып қазақ тілінде, 2 сынып орыс тілінде білім […]
2026 жылдың 24 сәуірінде фармацевтикалық пәндер кафедрасында Академияның 30 жылдығына орай, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі жоспар аясында, сондай-ақ жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында табысты түлектердің қатысуымен «Talk Show» форматында ашық сұхбат кеші ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қонақтар студенттік шақтарын еске алып, мамандық таңдаудағы себептерімен […]
2026 жылғы 23 сәуірде Саран қаласының Мәдениет үйінде Саран қаласының Мансап орталығы ұйымдастырған қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шара жұмыс берушілерді, білім беру ұйымдарын және оқу орындарының түлектерін біріктіріп, ашық диалог, тәжірибе алмасу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылауға арналған алаң болды. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясы белсенді қатысты. Жәрмеңкеге […]
«Bolashaq» Академиясында дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасы өтті. 2026 жылғы 23 сәуір күні «Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының мектеп, лицей және гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты мен маңызы: Биылғы білім додасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың ана тіліміз […]
2026 жылдың 23 сәуірінде фармацевтикалық пәндер кафедрасының эдвайзері Темиреева Назым Багдаулетовна фм 22-2, ПМНО 25-2 топ студенттерімен «Вакцинация – денсаулық кепілі» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру, олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары туралы ақпарат беру болды. Кураторлық […]
Бүгін Академияда Ұлттық кітап күні мен Кітапханашы күніне орай «Кітап керуені» атты кітап алмасу акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кітаптың қоғамдағы маңызын дәріптеу, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және академия ұжымының рухани-мәдени байланысын нығайту болды. Мазмұнды шараға Академияның қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттері белсенді қатысып, ортақ игі бастамаға […]
2026 жылғы 22 сәуір күні «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдебиет және тұлға» атты жазушымен кездесу кеші өткізілді. Іс-шараның құрметті қонағы – жазушы, «Жылдың үздік прозашысы» байқауының жүлдегері Бекзат Жапатайұлы Алтынбек болды. Кешке академия оқытушылары мен студенттері қатысып, белсенділік танытты. Кездесу барысында жазушы өз шығармашылық жолы, әдебиеттегі ізденістері туралы […]
2026 жылғы 21 сәуірде «Bolashaq» Академиясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының Академиялық комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыс аралас форматта — офлайн және онлайн режимде қатар өткізілді, бұл комитет мүшелері мен шақырылған қатысушылардың толық қатысуына мүмкіндік берді. Отырысқа Академиялық комитет мүшелері қатысты: Абдрахманова Алуа Сабитовна — педагогика ғылымдарының […]
«Bolashaq» академиясының психологиялық және инклюзивті білім беру орталығына студенттерден, әсіресе сессия тапсыру кезеңінде, эмоционалдық шиеленісті және психологиялық шаршауды төмендету бойынша өтініштер түседі. Педагогика кафедрасының қызметкерлері, білікті практик-психологтар студенттерге күрделі жағдайларда көмек көрсетеді. Осылайша, «Өзіңді таны» психологиялық үйірмесінің жоспарын жүзеге асыру аясында педагогика кафедрасының доценті және психологиялық және инклюзивті білім беру […]
20 сәуір күні “Bolashaq” Академиясының кітапханасында студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және әдеби туындыны терең түсінуге бағытталған «Бір шығарма – мың ой» атты оқырмандармен шығарма талдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – бір ғана шығарманың мазмұны арқылы сан түрлі ой туғызып, қатысушылардың әдебиетке деген көзқарасын […]
Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 20 сәуірде Қарағанды қаласы Пришахтинск ықшамауданында орналасқан №32 жалпы білім беретін орта мектебінде 11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Bolashaq Академиясы фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С., «Фармация» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Кусаинова А., сондай-ақ №32 жалпы білім беретін орта мектебінің […]