2026 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданына қарасты ЖББ №6 орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева мен шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы М.К.Абдрашева 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған орта мектептің түлектеріне «Bolashaq» Академиясы, оның барлық білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет берілді және бейнежазба, таныстырылым көрсетілді.


Кездесу барысында құжат қабылдау тәртібі, оқу ақысы, грантқа түсу мүмкіндіктері, жеңілдіктер, шекті балл талаптары туралы түсіндіріліп, оқушылардың қойған сұрақтарына нақты жауап берілді.
Кездесу соңында ақпараттық буклеттер таратылды, мектеп бітіруші түлектер өз ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасады.