“Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы” республикалық байқауы

КарУ университетінде өткен “Мемлекеттік тіл -Тәуелсіздік символы” атты республикалық байқауға көрермен болып “Bolashaq” Академиясының Фм 21-1, Фм20-1,2 топ студенттері барды. Байқауға әр өңірден әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.Байқау 4 кезеңнен  тұрды.Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы қатысушылардың алдын ала ұсынған 3 минуттық бейнеролигін бағаласа, екінші кезеңде байқауға қатысушылар ұяшықтарды таңдап, мақал мәтелдерді жалғастырды, үшінші кезеңде сайыскерлер белгілі тақырып бойынша өз пікірлерін айтты.Төртінші соңғы кезеңде 1минуттың ішінде 20 сұраққа жауап беру керек болды. Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша 1-ші орынға Шымкент қаласынан Рустамжанов Сардорбек, 2-ші орынға Түркістан облысынан Маметова Фатима ие болды. Бас жүлдені Астана қаласынан Махмудова Разолина иеленді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.