Жөтел: ескі мәселеге жаңа көзқарас

30 Қарашада Авита фармацевтикалық компаниясы жалпы практика дәрігерлеріне, пульмонологтарға, аллергологтарға, отоларингологтарға, педиатрларға және осы проблемаға тап болған басқа мамандықтардың дәрігерлеріне арналған “Жөтел: ескі мәселеге жаңа көзқарас” тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары да шақырылды.

Семинарда пульмонолог дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы Мукатова Ирина Юрьевна дәріс оқыды.

Дәріс барысында жөтелдің пайда болу себептері, механизмдері және оның жиі кездесетін аурулардағы белгілері, жөтел түрлерінің жіктелуі және нозология мен симптоматологияға байланысты жөтелді емдеу бойынша ұсыныстар қарастырылды. Дәрілік заттардың әртүрлі топтары, соның ішінде жаңа препараттар қарастырылды.

Кездесу соңында семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.