«Қарағанды – туған қалам» атты ашық кураторлық сағат

2024 жылдың 12-ші ақпанында құқықтық және қаржылық пәндері кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Отыншиева Ю-22-2 тобымен «Қарағанды туған қалам» атты ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты студенттерге өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Кураторлық сағатта Г.К. Отыншиева Қарағанды қаласының тарихы туралы баяндама оқыды.

Бүгін Қарағанды қаласының «қала» мәртебесін алғанына 90 жыл толды. Ғасырға жуық уақытта кенді өлке – елдің өндірістік, мәдени және ғылыми орталығы, экономикалық саяси тірегі бола білді. Қарағанды талай ұлыстың тату-тәтті тұрағына айналған мекен. Өңірдің негізгі өндірісі – көмір. Шаһардың құрылуына да осы пайдалы қазбаның әсері бар. «Аппақ Байжанов Қарағанды көмір кен орнын алғаш ашушы, кен білгірі. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты» – дейді. Аппақ Байжановтың қара тасты жанатынын ашқан уақытпен Қарағанды қаласының іргесінің қалануы тарихи тұрғыда тығыз байланысты деуге негіз бар. 90-жыл қала үшін өтпелі кезең, адам үшін бір ғұмыр, ал тарих үшін 1 ғасырға жуық уақыт.

Дәл осы Аппақ Байжановтың ескерткіші тұрған жер Қарағандыға келетін меймандар үшін тарихпен танысудың алғашқы кезеңі болып саналады. Кеншілер қаласы құрылған жылдары әр он жылдық айшықты кезеңмен қорытындыланып отырды. Соның ішінде 1972 жылдың шоқтығы биік. Себебі сол жылы бүкілодақтық қалаларды сәулеттік тұрғыда көркемдеу байқауында Қарағанды Мәскеуден кейін ең әдемі қала деңгейіне көтеріледі. Сонымен қоса, кураторлық сағаттың соңында қала тарихы, құрылуы, шаруашылығына байланысты викториналық сұрақтар ойнатылып, видео көрсетілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.