Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділ

10 ақпанда ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында облыс чемпионатынан Қазақстан Кубогына іріктеу өткізілді.

88 кг дейінгі салмақ дәрежесінде I орынды “Bolashaq” Академиясының Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділ иеленді.

Біз “Bolashaq” Академиясының «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының ұжымы және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері Әділдің жеңісін мақтан тұтамыз және де келешекте осыдан да ірі додаларға қатысып өз атын ғана емес еліміздің атын танытатынына сенімдіміз. Үмітіміз Әділді әлемдік жарыстардың биік белестерінде көру. Сәттілік тілейміз!!!

«Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының ұжымы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.