М.Мақатаевтың туған күніне арналған “Жазылар естеліктер мен туралы” атты поэзия кеші өтті

2024 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы білім басқармасының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің педагог-зерттеушісі, үздік педагог Толеп Күлзада Әбекенқызының ұйымдастыруымен мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арнплған «Жазылар естеліктер мен туралы» атты поэзия кеші өтті.

Кештің мақсаты–ақиық  ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту. Кеш барысында  «Bolashaq» Академиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының К-20-1 тобының өнерлі студенттері Жұрағат Аймарал, Мұратхан Әужан, Оразхан Айкенже, Халамбахи Батима, Төкен Мөлдірлер көрермендерге ақынның сыршыл поэзиясынан өлеңдер мен поэмалар тарту етті.

Мұқағали – мәңгілік  өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.