Шәкәрім жүрген ізбенен

1 желтоқсанда «Ғұмырдария» поэзия клубының ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай: «Шәкәрім жүрген ізбенен» атты интеллектуалды ойын өтті. Толығырақ баяндайтын болсақ…
Ойын 3 кезең бойынша жүргізілді:
1-кезең Шәкәрім салған із
2-кезең Логикалық сұрақтар айдары
3-кезең Поэзия сыры
«КАХУТ» ойыны арқылы қорытынды жасау;

Интеллектуалды ойынның шымылдығын ӘТЖ проректоры Исмайлова Р.Н. ашты. Топты таныстыру мен сайыс ережесі түсіндірілді.

Сынға түскен топтар:
«Қазақ әдебиетшілері» (К-23-2 тобы)
«Фемида» (Ю-23-2 тобы)
«Шәкәрім ұрпақтары» (Пмно-23-2 тобы)
Сонымен қатар, іс-шараға төрешілік еткен әділ- қазылар:
📌 «Педагогика» кафедрасының доценті – М.Б.Коржумбаева;
📌КЯиЛ кафедрасының аға оқытушысы- Н.Т.Ахметова;
📌 КЯиЛ кафедрасының доценті- Р.Х.Абдрахманов;
📌 КЯиЛ кафедрасының доценті- Ж.М. Баймұрынов;
📌 ЖІК төрағасы- М.Н.Саликова;
Сайыс қызу талқымен, тартыспен жүргізілді. Уақыт пен жылдамдықты талап ететін бұл ойында студенттер бір серпіліп қалды. Ұстаздар мен студенттер өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар студенттер суырылып шықты✅
🏆Жүлделі 1-орынға “Қазақ әдебиетшілері” командасы иеленді🥳
2-орынға «Фемида» (Ю-23-2 тобы) ие болды✊🥳
3-орын «Шәкәрім ұрпақтары» (ПМНО-23-2 тобы)иеленді🌸
“Ғұмырдария” поэзия клубының жаңа лидері тағайындалды:
Жастардың зейінін аша түсетін осындай ойынның ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.