«Ұстаз деген – ұлы есім»

23.01.23-12.05.23 аралығында «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында  біз, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері: Жұрағат Аймарал, Халамбақи Батима, Ташмет Дана, Абдыхамит Әсемгүл, Ізбасар Ерқанат, Жанибекова Алуа педагогикалық практикадан өттік.

Практика барысында, өзімізге берілген сыныптарға заманауи әдіс-тәсілдер арқылы сабақ өткізіп, ғылыми жобаға оқушы дайындап, ашық сабақтар жүргіздік. ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ материалдарын дайындап, бақылау жұмыстарын алдық. Оқушылардың білім деңгейін бағалап, Bilim.all сайтына бағалар қойып үйрендік.

Ерекше атап айтатын дүние, педагогика саласында қазақ тілінде тұңғыш жарыққа шыққан “Педагогика” еңбегінің авторы, ақын, жазушы –  Мағжан Жұмабаевтың  әдістемелік еңбегіне арналған тренинг өткіздік. Тренингті Ізбасар Ерқанат пен Жанибекова Алуа басшылыққа алып, жүргізді. Тренингке “Bolashaq” Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы, практикаға жауапты жетекшіміз – Абдрахманов Рүстем Хасенұлы мен эдвайзеріміз – Смағұлова Меруерт Серікбаевна қатысты. Мектеп әкімшілігінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Жақсыбаева Құралай Бөдеевна, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Акижанова Индира Какеновна қатысты. Сонымен қатар, «Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасы – ұлт зердесі»  атты облыстық ғылыми жобаға оқушы дайындадық. Ғылыми жоба тақырыбына сай, «Шәкәрім Құдайбердіұлы» жайлы материалдарды жинақтап, ЖОО ұстаздарынан сұқбат алып, сауалнама жүргіздік. Оқушымыз облыстық ғылыми жобадан 3-орын иеленді.

Педагогикалық практикада 5-11 сынып аралығында, орыс және қазақ сыныптарына сабақ бердік.

Практикамызға жетекшілік еткен ұстаздарымызға, Абдильдина Сая Кеңесбековна, Төлеп Күлзада Абекенқызы,  Қымбат Ғабдулаұлына айтар алғысымыз шексіз. Жетекшілерімізге ыстық ықылас жолдай отыра, берген білімдеріңізді жетілдіріп, артқан үміттеріңізді ақтауға тырысамыз.

Практикадан алған тәжірибеміз болашақта өз мамандығымыздың кемел, бәсекеге қабілетті “ұстаз” болып қалыптасарымызға әсері мол деп зор сеніммен айта аламыз.

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА,  ҰСТАЗ ДЕГЕН – ҰЛЫ ЕСІМГЕ ЛАЙЫҚ БОЛУ ҮШІН ТАЛМАЙ ЕҢБЕКТЕНІП, БІЛІМІМІЗДІ ШЫҢДАЙ ТҮСЕМІЗ.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.