«Bolashaq» Академиясы оқытушысының мақаласы «Arqa aqshamy» газетінде жарық көрді

«Bolashaq» Академиясының құқықтық және қаржылық кафедрасының меңгерушісі А.Т.Кабжановтың бірқатар авторлармен бірлесіп жазған «Жаңа Конституция: әділетті мемлекеттің жаңа құндылықтық бағдары» атты мақаласы «Аrqa аqshаmy» газетінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі санында жарық көрді.

Мақалада жаңа Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызы, құқықтық және әлеуметтік құндылықтардың өзектілігі кеңінен қарастырылады.

Әріптесімізді ғылыми-публицистикалық бағыттағы еңбегінің жарық көруімен құттықтаймыз!
Жаңа ізденістер мен мазмұнды жарияланымдарға сәттілік тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.