«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын таныстыру аясында «Bolashaq» Академиясының өкілдері «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің 6-7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға жобаның мақсаты таныстырылып, кітапты тиімді оқу, оқылған ақпаратты есте сақтау тәсілдері туралы пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар, оқушылармен еркін форматта кері байланыс жүргізіліп, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға […]
Daily Archives: 17.09.2026
«Bolashaq» Академиясында «Салауатты қарым-қатынас қандай болуы керек?» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуге «Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысып, салауатты қарым-қатынас, өзара сыйластық пен сенім, жеке шекараны сақтау және отбасылық құндылықтар жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісті. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
2026 жылғы 17 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясының кәсіптік бағдарлау және мансаптық даму бөлімі Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында департамент қызметінің негізгі бағыттары, бос лауазымдарға конкурстық іріктеу тәртібі, мемлекеттік қызметке қабылдану мүмкіндіктері және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері түсіндірілді. Іс-шараға Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының түлектері […]
«Bolashaq» Академиясының құқықтық және қаржылық кафедрасының меңгерушісі А.Т.Кабжановтың бірқатар авторлармен бірлесіп жазған «Жаңа Конституция: әділетті мемлекеттің жаңа құндылықтық бағдары» атты мақаласы «Аrqa аqshаmy» газетінің 2026 жылғы 17 қыркүйектегі санында жарық көрді. Мақалада жаңа Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызы, құқықтық және әлеуметтік құндылықтардың өзектілігі кеңінен қарастырылады. Әріптесімізді ғылыми-публицистикалық бағыттағы еңбегінің […]