«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын таныстыру аясында «Bolashaq» Академиясының өкілдері «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің 6-7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.


Кездесу барысында оқушыларға жобаның мақсаты таныстырылып, кітапты тиімді оқу, оқылған ақпаратты есте сақтау тәсілдері туралы пайдалы кеңестер берілді.

Сонымен қатар, оқушылармен еркін форматта кері байланыс жүргізіліп, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған пікір алмасу өтті.