«Bolashaq» Академиясында «Салауатты қарым-қатынас қандай болуы керек?» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге «Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысып, салауатты қарым-қатынас, өзара сыйластық пен сенім, жеке шекараны сақтау және отбасылық құндылықтар жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.