Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

2020 жылдың 14 желтоқсанында онлайн режимінде Теамѕ платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, оған “Bolashaq”академиясының ұжымы мен студенттері қатысты.

Жиынды “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор К.Н. Меңлібаев ашты.

Өз баяндамасында ректор тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолдары, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жолдағы қосқан зор үлесі мен рөлі туралы айтып берді.

Салтанатты жиналысты ӘТЖ жөніндегі проректор Ботагөз Телманқызы Ахметова жалғастырып, жоғары оқу орнының қызметіне, сондай-ақ қаланың қоғамдық өміріне үлес қосқан Академия қызметкерлері мен студенттерін құрмет грамоталарымен марапаттау туралы бұйрықты оқыды.

Салтанатты жиынды заң пәндері кафедрасының магистранты Мұхаметжан Бағашар өз орындауындағы мерекелік ән-күйімен жалғастырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.