«Bolashaq» Академиясының студенттері мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктермен танысты

2026 жылғы 17 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясының кәсіптік бағдарлау және мансаптық даму бөлімі Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында департамент қызметінің негізгі бағыттары, бос лауазымдарға конкурстық іріктеу тәртібі, мемлекеттік қызметке қабылдану мүмкіндіктері және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері түсіндірілді.


Іс-шараға Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының түлектері қатысып, мемлекеттік қызмет саласына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.