Біздің студенттердің жеңістері

2020 жылдың 28 қазанынан 25 қарашасына дейін Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Шет тілдер факультеті базасында корпоративтік байланыстар мен академиялық коллаборацияны дамыту, білім алушылардың ғылыми қызметте және шет тілді дайындықта ынтасын арттыру мақсатында Ataturk University-мен (Түркия) бірлескен “Science and Technology” халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

ISMA University, Riga (Latvia), Сібір басқару институты – РАНХиГС филиалы, Новосибирск қ. (Ресей), Selçuk University, Кония (Түркия), Ataturk University, Эрзурум (Түркия), Левке Еуропалық университеті, Солтүстік Кипр, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-сұлтан қ. (Қазақстан) және т. б. Қазақстанның жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден барлығы 87 ғылыми жоба ұсынылды.

Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 1-курс магистранты Оспанова Райхан филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ибраева Баян Мукушевнаның жетекшілігімен “Ғылыми мәселенің өзектілігі” номинациясы бойынша 3-ші орынды жеңіп алғанын қуана хабарлаймыз (магистрант санаты).

Біздің түлегіміз Райхан мен Баян Мұқушевнаны шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, мықты денсаулық және барлық жақсылықты тілейміз.

https://m.facebook.com/photo.php?fbid=2881248255449344&id=100006925930983&set=gm.1095531217573766&source=57

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.