Оқушылармен онлайн кездесу

2020 жылдың 10 желтоқсаны күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы Теміртау қаласының «№2 ЖББОМ» КММ ұжымы ұйымдастырған тікелей эфирдегі «Өнегелі өмір жобасы «Дана тұлғалардың дара жолы» атты сыр-сұхбатта «қонақ» болып қайтты.

Zoom платформасында өткен сұхбаттасуда 8 «А» сынып оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, болашақ мамандық таңдаудың қыр-сырларына қаныға алды.

Сынып жетекшісі жүргізген кездесуде сынып оқушыларынан басқа мектеп әкімшілігі сөз алып, қатысушыларды алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

https://www.instagram.com/p/CIm9roUp0zg/?igshid=l3h8ab6ip48m

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.