Қайырымдылық- берекелі іс 🌸

🕋Мың айдан да қайырлы болған Қасиетті Рамазан айында “Bolashaq” Академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейірбек Қайырбекұлы Байшагировтың басшылығымен «Мейірім» волонтерлік қозғалысының студенттері Майқұдық кентіндегі мүмкіндігі шектеулі Нұрболат бауырымыздың шаңырағында болып қайтты. Мейірімділік ол ізгілік, адамгершіліктің белгісі. “Мейірім- жүректен, қайырым- білектен ! Шынайы мейірімді болу – өзіңнен гөрі басқаларға қамқор болу, өзгенің мүддесін өз мүддеңнен жоғары қою деген сөз. Осы мақсатпен орындап жатқан ізгі амалымыз жүректерден орын тапса онда істеген әрекетіміз текке емес деп айқындауға болады. Нұрболаттың анасы жастарға шын көңілден шыққын алғысын айтып, ізгі ниетін білдірді.
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан.
Бабаларымыздың «Садақаны саулығыңда бер» деген жақсы сөзі бар, сондықтан осындай атқарылып жатқан іс шаралар ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, игілікпен атқарылып жатса, еліміздің мәртебесі өсіп, көсегесі көгерері анық!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.