Біздің оқытушылар – үздік!

2021 жылғы 26 мамырда Teams платформасында он-лайн режимінде Ғылыми кеңес өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы №63 “Ғылыми атақ беру туралы” бұйрығына сәйкес “Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасының оқытушылары з.ғ.к. Рысмағамбетова Гүлнар Мусиевна мен з.ғ.к., доцент Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызына 12.00.00 – Құқықтану мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор атағы берілді.

Тиісті растайтын құжаттар “Bolashaq” академиясының мекен-жайына жіберілді.

Академия ректоры, профессор К.Н. Меңлібаев Гүлнар Мусиевна мен Айтуған Жұмахметқызын марапатымен құттықтады. Көп жылғы жемісті еңбек өз нәтижесін берді.

“Bolashaq” академиясы өз әріптестерін маңызды оқиғамен құттықтайды және шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.