Педогогика кафедрасының өндірістік (педагогикалық) практикасының қорытынды конференциясы

2023 жылдың 11 сәуірінде ПМНО-19-2 тобының студенттерінің ұйымдастырылумен  30.01.2023– 07.04.2023 ж.ж. аралығындағы 10 аптаға жоспарланған “Өндірістік (педагогикалық) практиканың”  қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға кафедраның аға оқытушылары Жапанова Р.Н., Сарбасова Қ.А., Арунова Ж.А. және ПМНО-20-2 тобының студенттері қатысты.

ПМНО-19-2 тобының студенттері: Әбдірахманова Д.М., Әбілхамит Ш.С., Көшенова Д.Б., Бекмағанбет Э.Ж. Қарағанды қаласы “№23 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де”, Анарбаева М.Э. Қарағанды облысы, Шахтинск қаласындағы “Санжар Асфендияров атындығы жалпы білім беретін мектебі КММ-де” іс-тәжірибеден өтті.

Бірінші сұрақ бойынша практика жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы  Р.Н. Жапанова сөз сөйледі. Өндірістік (педагогикалық) практиканың нәтижесін туралы айтып өтіп, студенттерге сөз берді. ПМНО- 19 – 2 тобының студенттері Қарағанды қаласы, “№23 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де”, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласындағы “Санжар Асфендияров атындығы жалпы білім беретін мектебі КММ-де” өткен практикалары бойынша орта білім беретін   мекеменің педагогикалық құжаттары: Мемлекеттік стандартымен, мекеменің Концепциясымен және даму бағдарламасымен танысқандары туралы айтты. Олар іс-тәжірибе кезеңіне құрылған іс-тәжірибе өтушінің жеке жоспары, өткізілген сабақ жоспарлары, педагогикалық кеңестің материалы мен зерттеу жұмыстарына тоқталып кетті.

ПМНО-19-2 тобының студенттері Әбдірахманова Д.М. , Әбілхамит Ш.С., Көшенова Д.Б., Бекмағанбет Э.Ж. Анарбаева М.Э. . Қарағанды облысы, Шахтинск қаласындағы “Санжар Асфендияров атындығы жалпы білім беретін мектебі КММ-де” өткен «Өндірістік (педагогикалық) практика» бойынша іс тәжірибе есебін тапсырды және құжаттарына байланысты жетекшінің сұрақтарына жауап берді.

Қорытындылай келе, п.ғ.м., аға оқытушы  Р.Н. Жапанова, п.ғ.м., Қ.А.  Сарбасова, және Ж.А.Арунова  осы практиканың өту барысындағы жұмыстар жайлы сұрақтар қойды, студенттер сұрақтарға ойдағыдай жауап берді. Практика жетекшілері  практика жайында өз пікірін білдіріп студенттерге сәттілік тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.