Кезекті дебат ойыны✅

Дебат дегеніміз – пікірсайыс. Жарыссөз, айтыс десек те болады. Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын.
⚜Осы орайда, Қаныш Сатпаевтың 125 жылдығына орай Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Ректоры кубогына арналған «KBU CUP-2024» республикалық пікірсайыс турнирі өтті! Турнирда бірнеше жүлде қоры болды:

🏆Негізгі алаң жеңімпаздары: 200 000тг
Финалисттер: 75 000тг (3)
Негізгі алаңның үздік спикері: 40 000тг

🏆 Жастар финалы жеңімпаздары: 40 000тг
Жастар алаңы финалистері: 10 000тг (3)
Үздік жас спикер: 25 000тг
Үздік төреші: 40 000тг

✅Бұл турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 32 команда қатысты Оның ішінде “Bolashaq” Академиясының атынан екі команда қатысты!
1-команда:
Ю-23-2 тобының студенті Кадрин Т.Б
К-23-2 тобының студенті Жаксылыкова Д.
2- команда:
Ю-23-2 тобының студенті Калабаева М.
Ин-23-1 тобының студенті Болатбек А.

✅Екі команда да ойында өз белсенділіктерін көрсетіп, бақ сынасып, тәжірибе алмасып келді!
Ойын кезінде студенттерге түскі ас пен қатар ауызашар берілді! Дебатшыларға алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.