“Bolashaq” Академиясы Ректорынан құттықтау

Құрметті әріптестер!
Құрметті профессор-оқытушылар құрамы!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен 12 сәуір “Ғылым қызметкерлері күні” болып белгіленді. Ғылым мен білім саласындағы еңбектеріңіз үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Біздің тәжірибелі ғалымдарымызға мамандардың жас буынына олардың кәсіби қалыптасуы мен ғылыми ізденістеріне көмектесуге дайындығы мен қабілеті үшін шын жүректен алғысымызды айтамыз. Зерттеу жұмысын жаңа бастаған ғалымдарға табандылық пен шыдамдылық тілейміз. Сіздердің зерттеу жұмыстарыңыз нәтиже беретіні сөзсіз.


Құрметті біздің ғалымдар! Біз сіздермен мақтанамыз! Мықты денсаулық және жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

Ректор Рысмағамбетова Г.М.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.