Шахтинск мектептерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 22 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында ЖМ “Bolashaq”академиясы”  кафедраларының  оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Шахтинск қаласы мектептерінің  түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге қала  бойынша   мектеп түлектері және ұстаздары, қалалық білім беру бөлімі маманы қатысты.Шараны Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.А.Абылбаева ұйымдастырды. Аталған іс-шараға академияның ӘТЖ бойынша проректоры Б.Т.Ахметова қатысып, өз тарапынан маңызды ақпарат берді.   Сонымен қатар ББ бойынша кафедра оқытушылары Мұхатаев М.М., Әбдіжәми А.Ж., Григорчук И.Ю., Темиреева К.С, Жанысбаева Р.М., Ахметова Н.Т. болашақ түлектерге Академияның білім беру бағдарламалары туралы түсіндіріп, құжаттарды тапсыру және қабылдау рәсімі, ҰБТ мәселелері бойынша,  сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен орта жалпы білім беру мекемесінің қызметкерлері үшін магистратураға түсу мүмкіндігі туралы мәліметтер берді.

Түлектер жатақханаға, жалпы оқу ақысын төлеуге, оқу ақысын төлеуге жеңілдіктерге, білім беру гранттарына және т. б., оқу мәселесіне қатысты сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

Алдағы уақытта облыс бойынша барлық аудан, қалалармен қашықтықтан кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.