Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

25 қараша күні Педагогика кафедрасының оқытушылары Мекадилова С.К., Байбекова В.А., Қосманова А.Б. “Bolashaq” академиясы 1-курс студенттерімен «Карлаг» мұражайына экскурсия жасап қайтты.

Студенттер Карлаг қасіретін зерделеп, оның ақтаңдақ тұстарынан мол мағлұмат алды.
Қазақ халқының қайғылы жылдарда жазықсыз құрбан болған тағдырлардың куәгері болған бұл ғимарат бүгінде мұражайға айналған. Студенттер” Карлаг” лагеріндегі қуғын-сүргінге ұшыраған жазықсыз жандардың өмір тарихымен танысып қайтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.