Ұлытау ауданы мектептерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 22 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында “Bolashaq”академиясы” ЖМ кафедрасының оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Ұлытау ауданы мектептері түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Шараны Академия бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты хатшы Б.А. Абылбаева жүргізді. Онлайн кездесуге Академияның ББ бойынша кафедра оқытушылары Диянова Р.Т., Мекадилова С.К., Макажанова Г.Б., Апеева А.З., Бакарамова С.А., Ахметова Н.Т. және т.б. қатысты.

Кездесу барысында келесі тақырыптар қозғалды:

§ “Bolashaq” академиясындағы білім беру бағдарламаларымен танысу;

§ оқуға түсу ережелері;

§ академиялық ұтқырлық;

§ болашақта ББ-ның маңыздылығы.

Түлектер тарапынан жатақханаға, оқу ақысын төлеуге, оқу ақысын төлеуге жеңілдіктерге, білім беру гранттарына және ЖОО-ға байланысты басқа да сұрақтар қойылып, қызығушылық танытылды.

Алдағы уақытта облыс бойынша барлық аудан, қалалармен қашықтықтан кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасады

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.