Шахтинск мектептерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 22 сәуірінде ZOOM тұғырнамасында “Bolashaq”академиясы” ЖМ кафедрасының оқытушылар құрамы кәсіби бағдар беру мақсатында Шахтинск мектептері түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Шараны Академияның ӘТЖ бойынша проректоры Б.Т.Ахметова жүргізді. Өз кезегінде онлайн-кездесу ұйымдастырушысы, Академия бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты хатшы Б.А. Абылбаева, ББ бойынша кафедра оқытушылары Мұхатаев М.М., Әбдіжәми А.Ж., Григорчук И.Ю., Темиреева К.С, Жанысбаева Р.М., Ахметова Н.Т. болашақ түлектерге Академияның білім беру бағдарламалары, құжаттарды тапсыру және қабылдау рәсімі, сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен Орта жалпы білім беру мекемесінің қызметкерлері үшін магистратураға түсу мүмкіндігі туралы мәліметтер берді.

Түлектер жатақханаға, оқу ақысын төлеуге, оқу ақысын төлеуге жеңілдіктерге, білім беру гранттарына және т. б., оқу мәселесіне қатысты сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.

Шараның аяқталуы барысында түлектерге кәсіби бағдар беру материалдары үлестірілді.

Алдағы уақытта облыс бойынша барлық аудан, қалалармен қашықтықтан кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.