ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.
ҚР Президентінің Алғыс хатына бірқатар азаматтар қол жеткізді. Президенттік сайлау кезінде, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсенділік танытқандар марапатталды. “Jastar Ruhy” Жастар қанатының “BOLASHAQ” академиясындағы филиалының координаторы, Ю-19-2 тобының студенті Әбілжанов Әділет Бағдатұлы ҚР Президентінің Алғыс Хатымен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.