“Әскери жағдай режимінің жұмыс істеуі жағдайында терроризмге қарсы күрестің жалпымемлекеттік жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері” дөңгелек үстелінің жұмысына қашықтықтан қатысу

2022 жылдың 31 тамызында құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т. Қабжанов Киев қаласындағы Украина Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы орталығы базасында Украина қауіпсіздік қызметінің Ұлттық академиясы ұйымдастырған “Әскери жағдай режимінің жұмыс істеуі жағдайында терроризмге қарсы күрестің жалпымемлекеттік жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері” тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына белсенділікпен қатысты. Профессор А. Қабжанов “Қазіргі терроризм-қазіргі заман соғысы”атты баяндама жасады.

Жақында ғана дөңгелек үстел материалдарының жинағы келіп түсті, онда Украинадағы әскери жағдайдағы терроризмге қарсы күрестің жалпымемлекеттік жүйесін реформалаудың өзекті мәселелерін талқылау және оның жұмыс істеуінің ұйымдық-құқықтық негіздерін оңтайландыру бойынша баяндамалардың тезистері орналастырылды.

Қатысушылардың географиясы әр түрлі. Швециядан, Австриядан және ТМД-ның бірқатар елдерінен қатысушылар болды.

Дөңгелек үстел материалдарының мәтінімен танысқысы келетіндер үшін жинақтың PDF форматы тіркелген.

А.Т.Қабжанов жағдайды пайдалана отырып, осындай қиын жағдайларда өткізілген іс – шара үшін алғысын білдірді және Украина қорғаушыларына : «Ми віримо у вашу перемогу ! ” деген қолдау сөздерін айтты.

Збірник ВСУ 2022

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.